Астана қ-сы,Б.Момышұлы даң.,
2В, ЖК Акшанырак
ОСО “Керуен”, 1 қабат Galmart
Супермаркетын қасында
картадан көрсету
+7(7172) 253333
+7(708) 4253333
assyldates

қонырау шалу

РУС / КАЗ / ENG





пайдалы ақпарат


Құрманың пайдасы
Құрманы күнделікті тұрғыда жеп дағдылансаңыз - көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болып, депрессия сынды ауру атауларынан аулақ боласыз. Бұған себепкер - құрманың құрамындағы он бес түрлі тұздар мен минералдар, жиырмадан астам амин қышқылдары мен көмірсулар. Құрма құрамында ағзаға тез сіңетін кальций бар, сондықтан құрманың сүйектердің мықты болуына жақсы әсері мол.

Құрманын антидотты, яғни у қайтаратын ерекше қасиеті бар, сондықтан құрманы күнделікті жеген жағдайда ішек-қарындағы құрттар мен паразиттердің пайда болуының алдын алуға болады.

Құрма жемістері калийге бай. Өз алдына калий жүрек бұлщық еттерінің қызметі мен күре тамырлардың саулығына пайдалы элемент.

Құрманы суға қайнатып, езіп, паста ретінде қолданып та, емдік қасиеттерін қолдануға болады. Тұмауға қарсы, өкпе асқынған кезде өте пайдалы.

Құрма жемістерінің адамның бойындағы өспе аурулардың, қатерлі ісіктердің пайда болуына қарсы тұратын қасиетін ерекше атап өткен жөн. Құрма өмірдің сапасын жақсартады! Күніне 10-15 тал құрма жесеңіз – ағзаңыз барлық пайдалы заттармен қамтамасыз етіліп, денеңіз кушейіп, жасарып, өңіңіз әрлене түсетінін байқайсыз. Құрманың емдік қасиеттері ерте заманнан ақ белгілі болған.




ТАҢҒЫ АС

Құрма қай уақытта жесеңіз де дәмді, әсіресе бір уыс құрманы таңертең жеген дұрыс. Құрма күні бойы күш-қайратыңызды өсіріп, қуат береді. Құрмамен басталған күн - ағзаңызды кешке дейін қажетті құнарлы заттармен қамтамасыз етіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Құрманы күнделікті жеген адамдар ағзадағы паразиттерден құтылып, жүрек, бауыр, бүйрек қызметтерінің жақсаруын байқайды, көз, құлақ мүшелеріне де құрманың емдік қасиеті өте пайдалы. Базедов ауруы мен қатерлі ісіктердің алдын алатын қасиеттерін ерекше атап өткен дұрыс.






САПАРДА

Құрманы жолга алып, тіске басар ретінде де қолданған өте пайдалы. Денеңізге қуат беріп, лезде сергітіп жібереды. Құнарлы болғандықтан қарныңыз ашпай, дәмді, әрі пайдалы тағам сапарда көңіліңізден шығады. Араб елдерінде атам заманнан сапарға дорбаға құрма салып жүру дәстүрі бар. Балаларға да қант қосылған тәттілер бергенше - таза табиғи тәтті құрма берген жөн. Сабақтардың ортасында құрмадан нәр алған балалардың оқуға да көбірек зеин қоятыны анық. Тістердің мықты болуына да құрманың тигізетін септігі мол.






СЫЙ ТАРТУ

Құрма - кез келген дастарқанның, той-думанның көркін асырады. Assyl ұсынатын дәстүрлі араб тәсілімен оралған құрма сый табақтары, ағаш сый сандықтар, әдемі сыйлықтар көздің жауын алады. Құрманы сыйға тартқан - әдемі де, терең мағыналы, салтанатты дәстүр! Жақын-туыстарға, дос-жарандарға қандай сыйлық аламын деп бас қатырудың еш қажеты жоқ - ең әдемі сыйлық қасиетті Мәдина жерінен әкелінген, салтанатты оралған Assyl құрмасы!