Астана қ-сы,Б.Момышұлы даң.,
2В, ЖК Акшанырак
ОСО “Керуен”, 1 қабат Galmart
Супермаркетын қасында
картадан көрсету
+7(7172) 253333
+7(708) 4253333
assyldates

қонырау шалу

РУС / КАЗ / ENG





компания туралы


Assyl - біз алуан түрлі табиғи тәтті-дәмділердің ең сапалы, ең пайдалысын арнайы сиздер үшін таңдап, жер әлемнің түрлі бұрыштарынан жеткізіп, сәнді етіп орап, дастаркандарыңызға ұсынамыз.

Assyl ең алдымен ғажап, аты аңызға айналған «жұмақ жемісі», Сауд Аравиясының үздік құрмасымен ерекшеленеды.

Мәдинаның қасиетті бақтарында өсіп-өнген құрмалар еш қоспасыз, табиғи тәтті тағам. Құрманың құнарлығы, адам денсаулығына тигізетін ізгі пайдасы туралы қасиетті Құран мен Інжілде де ерекше атап өтілген. Заманауи мамандар да құрамында қант қоспасы бар бүкіл тағамдарды табиғи тәттілермен, яғни құрма, сонымен қатар, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға алмастырған жөн деп кеңес береды. Өйткені құрма, кептірілген алуан түрлі жемістер мен табиғи жаңғақтар - нағыз күш-қуаттың қайнар бұлағы.

Назарларыңызға Мәдинаның ең үздік құрмасы: аджуа, сегаи патша, хидри, мадждуль патша, мабрум, суккари патша, суккари рутаб ұсынылады.

Өнімдер: құрма, жаңғақ қосылған құрма, кептірілген жемістер, кептірілген жүзім, жаңғақтар.



НЕЛІКТЕН БІЗ


Нарықтағы ең үздік бренд
Біз Сауд Аравиясы патшасының дастарқанындағымен бірдей, сапасы ең жоғары өнімдерді ұсынамыз.

Қазақстан Республикасындағы ресми өкілдік
Assyl серіктестігі әлемдегі ең сапалы құрма өндірушінің Қазақстандағы ресми өкілі.

Біз ұсынып отырған құрма - Сауд Аравиясының қасиетті Мәдина қаласының тарихы ғасырларға ұласатын бақтарында өсіп-өнген.
Біз тікелей ең үздік құрма өндірушілермен жұмыс істейміз. Біз тұтынушыларға ең сапалы, тексерістен өткен, жоғары өнімдер ұсынамыз.

Құрманың алуан түрлері
Біздің серіктестік құрманың сан-алуан түрлерінің ішінен ең дәмділерін таңдап әкелеміз. Неше түрлі құрма түрлерін салыстыра отырып, тамаша дәмнен татып, ләззәт алуларыңызға тілектеспіз.